Оқиға
1 мин оқу 2,302

Ақтөбе облысында өртенген үйден адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Темір мост ауылында үй өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өкінішке қарай, өртенген үйден үй иесінің денесі табылды.

Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілді.

«Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында өртенген үйден адамның мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар