Аймақтар
1 мин оқу 1,324

Әке жолын жалғар ұл

<p style="text-align: justify;">Елдің ыс&shy;тық ықы&shy;ласына бө&shy;лен&shy;ген танымал айтыс ақын&shy;дарының қатарында атыраулық Салауат Иса&shy;хаев та бар еді. Алай&shy;да сұм ажал оның өм&shy;ірін қи&shy;&shy;ып кетті. Енді оның айтыс&shy;&shy;тағы жолын ұлы Ернұр жал&shy;ғас&shy;тырғалы отыр. Жақында ол &laquo;Ха&shy;бар&raquo; аген&shy;т&shy;тігі ұйым&shy;дастырған &laquo;Аitystar&raquo; теле&shy;жобасының же&shy;ңім&shy;пазы атан&shy;ды.</p>

Әке жолын жалғар ұл

Қазір 16 жастағы Ернұр Исахаев Жы­лыой ауда­нындағы Шоқпартоғай ауылында тұрады. Осындағы №3 орта мек­тептің 10-сыныбында оқиды.

– Бұл жобаға келмей қалған ақындардың орнына қатысу үшін айтыскер Балғынбек Имашев шақырып еді. «Бағыңды сынап көр» деп ұсыныс айтты. Осыдан екі жыл бұрын әкемді еске алуға ар­налған айтысқа қа­тыс­­қан едім. Ал мұн­дай мүмкіндік кейін қай­та­ланбайтын шығар. Сол себептен, жобаға қаты­судан бас тартпадым, – дейді Ернұр Исахаев.

Оның айтуынша, әкесі Салауат көзі тірісінде ұлын айтысқа шығар­ма­ған екен. Бәлкім, қанаты қатая түссін деген болар. Сөз өнерінің қадірін ұғындырып, шеберлігін шыңдар тәлім бергісі келген шығар. Деген­мен, айтыскер әкесінің жолын жалғастырғысы келген жас өрен­нің талабына Балғынбек Имашев қолдау білдірді. Сөйтіп, өзінің домбырасын сыйға тартты.

– Ақтық сындағы басты ерекшелік – айтыс­керлердің шоу-бизнес жұлдыздарымен жұптаса өнер көрсетуі. Менің жұбым – әнші Ердос Қанаев. Көп жыл аудандық, облыстық байқауларға қатысып келемін. Енді міне, республикалық тележобада бас жүлдеге ие болдым. Мектеп бітірген соң Қазақ ұлттық өнер университетінде актерлік, шығар­машылық бағытта жоғары білім алғым келеді. Әдебиет, тарих, математика пәндеріне ерекше қызығамын, – дейді Ернұр Исахаев.

Атырау облысы

Бөлісу:
Әке жолын жалғар ұл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар