Әлем
1 мин оқу 214

Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат етілді

<p style="text-align: justify;">Көршілес Өзбекстанда індетке байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талап жеңілдетілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Соның ішінде концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызмет үшін рұқсат берілген. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.

концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50%-дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;

қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;

Концерт залына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде бетперде тағуы керек. Сонымен қатар осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 08:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.

Бөлісу:
Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат етілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар