Ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бақылау қағидаларына өзгеріс енгізілді
<p style="text-align: justify;">Қорғаныс ведомствосы «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған өзгеріс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы № 375-VI ҚР Заңына, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметінде жүргізілген ұйымдық-штаттық іс-шараларға сәйкес қабылданды.
Құжаттың толық мәтінімен интернет порталының нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6509840.