Таразда жасырын ойын орны анықталды
<p style="text-align: justify;">ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша ЭТД-нің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында лицензиясыз және ҚР заңнамасының талаптарын бұзып, жасырын ойын мекемесінің заңсыз қызметті жүзеге асырғандығын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында ЭТД қызметкерлері жасырын бақылау сатып алу арқылы М.В. Скорикпен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады.
Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы, ақша қаражаты тәркіленіп алынды.
Тараз қ. №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК-нің 307-б. 1-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.