Аймақтар
1 мин оқу 170

Ақтөбе облысында дизель отынын ірі көлемде заңсыз сатқан кәсіпкерлер сотталды

<p style="text-align: justify;">ҚР ҚМ ҚМК Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ақтөбе қаласының екі тұрғынының алдын-ала сөз байласу арқылы белгісіз тұлғалардан дизель отынын төмендетілген бағамен құжаттарсыз сатып алып, жалпы көлемі&nbsp;4&nbsp;366,892&nbsp;тонна дизельді&nbsp;868&nbsp;391&nbsp;921&nbsp;теңге сомасында &nbsp;әр түрлі ЖШС-ге сатқанын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дизель отынының шығуын заңдастыру үшін күдіктілер ЖШС-нің қоймасынан дизель отынын жеткізуге екі ЖШС-мен жалған келісімшарттар жасап, жанармай төлемдерін қолдан жасаған.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен, аса ірі көлемде, шығу тегі заңдылығын растайтын құжаттарсыз, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, алу, сақтау және сату фактісі бойынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары ҚР ҚК 197-бабы 4-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында дизель отынын ірі көлемде заңсыз сатқан кәсіпкерлер сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар