Елордада аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды
<p style="text-align: justify;">Аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері 2021 жылдың 27 қаңтарынан 5 ақпанына дейін онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындары атқарушы органдардың жұмыстарымен танысып, қаланы дамыту және қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Коронавирустық пандемияға байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және келесі нұсқауларды орындауы қажет.
Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында көрсетіледі.