Оқиға
1 мин оқу 293

Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Қаржы министрлігінің Мем&shy;лекет&shy;тік кірістер комитеті 2021 жылдың 20 қаң&shy;тарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау кезінде электронды шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру проблемасы туындағанын хабарлайды.</p>

Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет

ЭШФ жазып беру мүм­кіндігі қайта жаңар­тылғанға дейін тауарға ілес­пе жүк­құ­жаттарды (ТІЖ) куәлан­дыру үшін тір­келген ТІЖ деректеріне сәй­­кес ЭШФ нысаны бойынша қағаз жүзінде шот-фактура қалып­­тастыру қажет.

Экспорттаушының тіркел­ген жеріне қарамастан қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшір­мелерін куәландыру, аудан­­дық мемлекеттік кірістер басқар­­маларында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер ор­ган­­дарының аумақтық бөлім­шелері куәландыру бо­йынша тиісті рәсімдерді жедел жүр­гізуге бағытталған, сондай-ақ қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін тіке­лей Мем­лекеттік шекара­да куә­лан­дыру сұрағы пысық­талуда.

ЭШФ куәландыру, Мем­лекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ РФ аумағында проб­лемалық мәселелер туындаған жағдайда +77017071411 теле­­фоны бойынша хабарласу­ қа­­жет, деп хабарлады атал­ған ве­дом­­ствоның баспасөз қыз­меті.

Бөлісу:
Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар