Парламент
1 мин оқу 200

Архивтер мәселесіне арналды

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті. Ел Пре&shy;зидентінің &laquo;Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі&raquo; атты Жол&shy;дауын іске асыру аясында архив&shy;тер мен кітапхана қорының жай-күйі, қолжазбаларды, сирек кез&shy;де&shy;сетін кітаптар мен құнды құ&shy;жат&shy;тарды цифрландыру күн тәрті&shy;біндегі басты мәселе болды, деп ха&shy;барлады осы палатаның баспасөз қызметі.</p>

Архивтер мәселесіне арналды

Кездесуді сенатор, комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы жүргізіп отырды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова депутаттардың сауалдарына жауап бере келіп, еліміздің кітап қоры мен кітап қоймаларының жай-күйі, сондай-ақ кітапханашылар мен мұрағат қызметкерлерінің жалақысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сенатор Нұртөре Жүсіп осы мәселеге байланысты елімізде архивтерді дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін, сондықтан олардың жағдайы қазіргі заманғы стан­дарт­тарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Бұл салада мамандар жетіспеушілігі де өт­кір мәселеге айналып отыр.

Сенатор кітапханаларда ерекше қа­жет­ті­ліктері бар адамдарға қажетті жағдайлар жа­салмағанына назар аударды. «Көзі көрмейтін және нашар көретін адам­­дарға арналған кітапханаларға ерекше назар аудару қажет. 46,5 мың зағип және на­­шар көретін азаматтардың еліміздің қо­ғам­­­дық-саяси өміріне араласу және лайық­ты білім алу құқықтары шектелмеуі тиіс», деді ол.

Жиналғандар тарихи маңызды қолжаз­ба­лардың, сирек басылымдар мен кітап­тар­дың көшірмелерін іздеу мен сатып алуды қар­жыландырудың маңыздылығы туралы айтты. Кездесу соңында сенаторлар мә­де­ниет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастыру және сирек кі­таптар мен қолжазбалар сақталатын Ұлттық орталық құруды ұсынды.

Бөлісу:
Архивтер мәселесіне арналды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар