Хоккей
1 мин оқу 190

«Трактордан» жеңілді

<p style="text-align: justify;">Елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) төрт ойын&shy;ға созылған жеңісті жолын жал&shy;ғас&shy;тыра алмады. Кезекті тур ойынын елор&shy;дадағы &laquo;Барыс-Аренада&raquo; өт&shy;кіз&shy;ген жер&shy;лестеріміз Челябінің &laquo;Тра&shy;кто&shy;рынан&raquo; жеңіліп қалды.</p>

«Трактордан» жеңілді

Кездесудің алғашқы 20 минуты өте тартысты өткенімен, айдын иелеріне қарағанда қонақтар алғашқы кезеңде басым болды. Нәтижесінде, 11-минутта Алексей Бывальцев «Барыс» қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңнің орта тұсында Егор Петухов (32-минут) есепті теңестірді. Бірақ қазақстандық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада екі минут өткенде қонақтар қақпамызға қатарынан екі шайба соғып, таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді. 33-минутта Сергей Калинин «Тракторды» есепте қайта алға шығарса, 34-минутта Виталий Кравцов командасының үшінші шайбасын соқты.

Үшінші кезеңде «Барыс» есеп айырмасын тағы да қысқартқанымен, қарсыластарынан жеңісті жұлып алуға шамасы жетпеді. «Барыс­тың» ойындағы соңғы голын 52-минутта Валерий Орехов салды. Қорытынды есеп – 2:3.

Елордалық клуб өзінің келесі кездесуін бүгін Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» өткізеді.

Бөлісу:
«Трактордан» жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар