Қаржы
2 мин оқу 181

Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 2020 жылдан бастап шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізілгені белгілі. Алайда Қаржы министрлігі салықтық тексерулер бойынша ерекше жағдайлар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.</p>

Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы

Аталған мәселеге қатысты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов пікір білдірді.

– Салықтық тексерулер үшін қосымша ерекше жағ­дай­ларды енгізу шағын бизнес субъектілеріне түсетін жүк­­теменің біршама артуына алып келеді. Мұндай ұстаным Мем­лекет басшысының тексе­руге мораторий енгізу тура­лы тапсырмасына қайшы. Мора­то­рийде ерекше жағдайлар болмауы керек. Ал ерекше жағ­дайлар енгізілетін болса, бизнес мораторийді де, ба­қы­лаудың босаңдағанын да сезін­бейді, – деді Р.Жүрсінов.

Қаржы министрлігінің мә­ліметінше, 2019 жылмен салыс­тырғанда былтыр кәсіп­кер­лердің 60 пайызы кіріс деңгейін айқын төмендеткен. Бизнес-омбудсменнің бұған қатысты айтар уәжі бар.

– Елдің аумағында төтенше жағдай режімінің жариялануына байланысты 2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығында іс жүзінде барлық бизнес субъек­тілері қызметін толық тоқ­татты. Соның салдарынан табыс та төмендеді. Осыдан кейін көптеген кәсіпкерлер жұ­мы­сын тоқтатуға мәжбүр бол­ды. Олардың жұмыс уақыты шектелді, келушілер санына шектеу қойылды, сонымен қатар карантиндік шараларды сақтау үшін қосымша шығынға батты. Тіпті кәсіпкерлердің бір бө­­лігі жұмысын әлі күнге бас­тай алмай отыр. Кәсіпкерлік қыз­­­­меттен түсетін кірістің азаюы халықтың сатып алу қа­­­білетінің төмендеуімен де бай­ла­нысты. Осының бәрі кә­сіп­­керлердің табыс деңге­йінің тө­мен­деуіне кері әсер етті. Олар табысын жасырып отыр­ған жоқ, – деді бизнес-омбудсмен.

Р.Жүрсінов Қаржы минис­тр­л­ігіне ескертулер жіберіл­ге­ні­мен, олардың қаперге алын­­ба­ға­нын жеткізді. Енді Президент Әкімшілігіне өтініш жолдамақ ниетте.

Бөлісу:
Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар