Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады
<p style="text-align: justify;">Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтың дәстүрлі «Самалтау» әнін украин тілінде орындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақтың дәстүрлі әні «Самалтауды» Димаш алғаш рет 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалінде орындаған болатын.
Сондай-ақ әнші бұл әнді жақында АҚШ президентінің ұлықтау рәсімінде айтқан болатын.
Қазақтың ұлттық аспабы – қобыздың сүйемелдеуімен шырқалып, иттердің үні, құстардың шуылы, даланың әуезі естілетін ән қазақ халқының тарихына сапар шектіргендей болады. Әнге Димаштың шетелдік тыңдармандарының құмартқаны соншалық – оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер шырқай бастады.