TikTok желісінде олқылықтар табылды
<p style="text-align: justify;">Әлемге әйгілі TikTok желісінде пайдаланушылардың жеке деректерін жинауға мүмкіндік беретін олқылықтар табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Сарапшылар екінші мәрте зерттей келе, TikTok қауіпсіздігіндегі олқылықтарды тапқаны атап өтілді. Желідегі кілтипан – профиль деректерін, соның ішінде телефон нөмірін, лақап атын және пайдаланушының бірегей идентификаторын ұрлауға мүмкіндік береді. Профиль фотосуреттерін көруге және тіркелу параметрлерін өзгертуге болады.
Мұндағы басты мәселе – желідегі баршаға қолжетімді «достар табу» функциясы. Онда компания қызметкерлері TikTok қорғаудың бірнеше тетіктерін айналып өтіп, пайдаланушылардың жеке деректерін ала алды.
Сондай-ақ, хакерлер желі пайдаланушылары туралы алынған ақпаратты қылмыстық мақсатта пайдалануы да ықтимал.