Коронавирус
1 мин оқу 171

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен онлайн жиында Шымкент қаласындағы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы және эпидемиологиялық жағдай бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. 

Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы 6 250 тест жасау қуаттылығы бар. Жыл басынын бері 27 389 ПТР тест өткізілгенін, оның ішінде өткен тәулікте 1334 ПТР тест жасалғанын жеткізді.

 Биыл материалдық-техникалық жабдықтауға 2,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда қала тұрғындарына барлығы 21 компьютерлік томография аппараттары қызмет етуде. Медициналық ұйымдарда 615 ИВЛ аппараты бар. 

- Осы жылға бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдармен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге 6,1 млрд теңгеге келісімшарттар түзілген. Бүгінгі таңда медициналық мекемелерге нақты 170  млн теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізілді. Медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды. Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға және медициналық ұйымдардың қорына арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға 659 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні жалпы қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп сөзін түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бөлісу:
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар