Спорт
1 мин оқу 110
Токио олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">«Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарын жанкүйерсіз өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы баспасөз жиынында ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори мәлімдеді. </p>
«Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны да ойластырмасақ болмайды», - деді ол.
Ал ХОК президенті Томас Бах ғаламдық індетке қарамастан, Токио Олимпиадасы мерзімінде өтетінін айтты. Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған.
Бөлісу: