Қазақстан
1 мин оқу 152

Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті. Бұл туралы <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> СІМ сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестицияларды басқару жүйесін реформалау, атап айтқанда инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша пікір алмасылды.

Сондай-ақ, Үкімет шешімдерін қабылдау талап етілетін инвесторлардың проблемалық мәселелері талқыланды. С. Чакрабарти Қазақстанның азаматтық қоғамының қатысуымен ҚР СІМ жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын жоғары бағалап, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту туралы идеяларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты тұрақты негізде жалғастыру туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар