Экономика
2 мин оқу 230

«Қазхромның» рекорды

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың күрделі өрілгеніне қарамастан, &laquo;Қазхром&raquo; трансұлттық компаниясы феррохром өндірісі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Компания былтыр 1,84 млн метрикалық тонна ферроқорытпа өндірді. Ақсу мен Ақтөбедегі қос зауыттың бұл көрсеткіші 2019 жылғы көлемнен 1,7 пайызға көп.</p>

«Қазхромның» рекорды

Компания ең алдымен өндіру пештерін жақсарту бағытында техникалық шаралар қабылдағаны белгілі. Осыған байланысты құрылған даму стратегиясын іске асыру нәтижесінде дайын өнім өн­дірісінің жүйелі өсімі қам­та­масыз етілуде.

– Компания ферроқорыт­па өнім­дерінің өндірісін арт­тыруғ­а бағытталған бірне­ше маңызды стратегиялық бас­­та­маны жүзеге асыруда. Ақтөбе ферроқорытпа зауы­ты №4 балқыту цехы­ның пеш­тері жобалық қуаты­на шы­­ға­рылды. Зауыт маман­да­ры­­­ның тобы ауқымды жұмыс атқарды. Пандемия тұ­сында өз күштерімен техно­ло­гия­лық процестерді жол­ға қойып, күрделі жобалар­ды жүзеге асы­ратын жабдықтарды жа­ңарт­ты. Сондай-ақ біз ферро­қорытпа зауытын шикізатпен қамдау жүйесін барынша тұ­рақты ету үшін жүйелі жұ­мыс істеп жатырмыз. Дөң тау-кен байыту комбинатында Қазақ­стан Тәуелсіздігі­нің 10 жыл­дығы атындағы шахтаның екін­ші кезегін салу жалғасуда. Біз бәсекеге қабілетті, нарық өзгерістеріне икемді компания болып қалу үшін ең тиімді инновациялық шешімдерді қолдануға, озық тәжірибелерді қабылдау­ға және өз идеяларымызды дамытуға тырысамыз, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ прези­денті Арман Есенжолов.

Былтыр «Қазхром» компаниясы 25 жылдығын атап өтуге тиіс-тін. Алайда мерейлі дата коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келіп, жоба-жоспарларға түзету енгізілді. Сондықтан компания 25 жыл­дыққа бөлінген қаражатты COVID-19-бен күресу және ал­дын алу шараларына бағыт­тады. Қызметкерлер мен олар­дың отбасыларына дәрі-дәр­мектер сатып алынып, меди­ци­налық орталықтарға көмек көрсетілген. Кәсіпорын­ның ерік­тілері үлкен істің басы-қа­сында жүріп, науқас әріп­тес­теріне, зейнеткерлерге қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктер жеткізді. Медицина қыз­меткерлеріне түскі ас пен маскалар үлестірілді. Вирус­тың алдын алу шара­лары жа­йын­да құлағдар етіп, ақ­па­рат­тандырып жүрді. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты оттегі бал­лондарын толтыру­мен және Бобров аппараты­на ар­нал­ған арнайы жалғас­тырғыш тет­ік­тер шығарумен айналысты.

«Осы орайда, компания пан­­­­­де­­мияға байланысты тәуе­­кел­­­дер мен қатерлерге қа­ра­­­­мас­­­­тан, өзі­­н­ің өндірістік жос­­­па­р­­­­ларын тия­­­нақты орындап шық­­­­ты. Фи­­лиал­­­дар­дың бар­­­­лы­­­­­ғын­да CO­VID-19-ға қар­сы қа­­­уіп­сіз­дік ша­­ра­­­ла­­ры күшей­тіл­­ген. Кә­­сіп­­­орын­­­­дар­дағы өн­­­­­ді­­ріс­­­тік пе­р­­­со­нал қосымша же­­ке қор­­­ғаныс құ­­­рал­­дарымен қам­­­­та­­ма­сыз етіл­­ді. Өндіріс орын­­­­­­дарын­д­а, кө­­лік­­­терде кү­шей­­­­­­­тіл­­ген д­е­­з­­­ин­­­­фек­ция ре­жі­­­­мі жұ­­мыс іс­­теді. Барлық ба­­­­­­қы­­­­­лау өт­кі­­зу қо­сын­дары ж­а­­­­­нас­­­­­­пай­­­­тын тер­­мо­метр­л­ер­мен жә­­­не теп­­­­­­ло­­­ви­зор­лар­мен жа­­б­­­­­дық­­­­тал­­­­­ған», деп хабарла­ды ком­­­­­­­па­­н­ия­ның баспасөз қызметі.

ERG құрамындағы компания ши­рек ғасырда 31,2 млн тон­на фер­роқ­орытпа өндірген. «Қаз­хром» ТҰК» АҚ фер­ро­қо­­­ры­т­­па­лары Қытай, Жа­по­ния, АҚШ, Еуропалық одақ ел­­­дерін­­дегі және Оң­түс­тік-Шы­­­ғыс Азия­­дағы жЕтек­ші бо­л­ат өн­­ді­ру­шілерге жет­кі­зі­ле­­д­і. 2020 жылы 1,7 млн тон­на­­­дан ас­там ферроқорытпа экспортталған.

Бөлісу:
«Қазхромның» рекорды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар