Футбол
1 мин оқу 130

«Қайраттың» қарсыласы белгілі

<p style="text-align: justify;">Бірер күн бұрын Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Жасөспірімдер лигасына қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті. Аталған додада биыл &laquo;Қайрат&raquo; клубының жасөс&shy;пірімдер командасы бақ сынайды.</p>

«Қайраттың» қарсыласы белгілі

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат­тың» 1/32 финалдағы қарсыласы Молдованың «Шериф» клубының жастары болады. Екі ұжым арасындағы матч Молдовада өтеді. Турнир ережесіне сәйкес жеңімпаз команда тек бір ойын нәтижесі бойынша анықталады. Плей-офф кезеңінің алғашқы сатысындағы ойындар 2 және 3 наурыз күндеріне белгіленген.

Жарыстың 1/32 және 1/16 финалдық кезеңінің матчтары екі бағытта жүргізіледі. Алғаш­қысы әр елдің чемпиондары арасында, екіншісі Чемпиондар лигасы жолымен жүзеге асады. Ал 1/8 финалдан бастап жолдар біріктіріледі. Айта кетейік, Алматының «Қай­раты» былтыр ел чемпионатында топ жарған­дықтан, оның жас футболшылары әр елдің чемпиондарымен күштіні анықтауға қатысады.

Бөлісу:
«Қайраттың» қарсыласы белгілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар