Атырауда салынатын зауытта 1 млрд текше метр газ өңделеді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Биыл Атырау облысында 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыттың құрылысы басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, зауыт құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.
«Ескене кентіне таяу маңда жылына 1 млрд текше метр газды кешенді өңдеу зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1 млрд 250 млн долларды құрайды. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал, зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады» дейді Шәкір Кейкин.