Аймақтар
1 мин оқу 207

Өскеменде бес қабатты тұрғын үй отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында өртенген бес қабатты үйден 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 қаңтарда сағат 02:36-да Қабанбай батыр көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде жеке заттар мен жиһазды жалын шарпып жатқан. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

«Арнайы сатының көмегімен 9 адам құтқарылды. Сондай-ақ 6 адам, оның ішінде 5 бала сыртқа шығарылды. Өрт шыққан пәтердің 67 жастағы иесінің денесін күйік шалған. Қазір ер адам ауруханаға жатқызылды. Ал оның 74 жастағы көршісіне иіс тиген. Дәрігерлер тексеруінен кейін әйел үйіне жіберілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалпы 15 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау сағат 03:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 19 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі мәлімет бойынша өрттің шығуына – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан немесе бөлмеде темекі шегу себепші болуы мүмкін.

Бөлісу:
Өскеменде бес қабатты тұрғын үй отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар