Қазақстан
1 мин оқу 190

Қазақстанда «Адалдық әліппесін» әзірлеу ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда &laquo;Адалдық әліппесін&raquo; әзірлеу ұсынылды. Бұл туралы&nbsp;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Парасаттылық идеологиясын насихаттауда үздіксіз кешенді білім беру маңызды. Біз қазіргі таңда Білім министрлігімен негізгі мектеп пәндерінің бағдарламасына парасаттылық идеологиясын енгізуді пысықтадық. Осы ретте «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлінің «Адалдық әліппесін» әзірлеу туралы бастамасы назар аударуға тұрарлық. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, бұл қадам балаларды ерте жастан адал өмір сүруге баулуға ықпал етеді», деді А. Шпекбаев.

Бөлісу:
Қазақстанда «Адалдық әліппесін» әзірлеу ұсынылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар