Алик Шпекбаев отандық компания иелерін жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды
<p style="text-align: justify;">Алик Шпекбаев топ-50 отандық компанияның меншік иелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізуге шақырды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту мақсатында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті базасында білім беру және әдіснамалық сүйемелдеу басталады. Комплаенс-офицерлер ұлттық компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кешенді семинарларға қатысады.
Сонымен қатар, біз Қазақстанның ірі жеке ұйымдарында комплаенс-қызметтерді құру бойынша жұмысты бастаймыз. ТОП-50 отандық компанияның меншік иелерін осы институтты енгізуге шақырамын», деді А.Шпекбаев.