Әлем
1 мин оқу 862

Шекарадан дрон арқылы тапанша өткізбек болғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан &ndash; Өзбекістан шекарасынан Макаров тапаншасын өткізбек болған екі өзбек азаматы ұсталды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>. Бұл туралы UZnews сайты мәлімет таратты.</p>

Шекарадан дрон арқылы тапанша өткізбек болғандар ұсталды

Сарапшылардың пікірінше тәркіленген қару алты оқты Макаров тапаншасы екен.Тергеуге дейінгі тексеру барысында қару 4 мың долларға Қазақстан азаматынан сатып алынғаны анықталған.

Айта кетейік, ұсталғандардың бірі бұрын сотталған азамат. Ол 2012 жылы Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 97-бабы бойынша (қасақана кісі өлтіру) сотталған, ал 2019 жылы – 169-бап бойынша (ұрлық) кінәлі деп танылған.

955

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 246-бабы (контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды және қамауға алу түрінде алдын-алу шарасы қолданылды.

758

Аида ОРАЛБЕК

Бөлісу:
Шекарадан дрон арқылы тапанша өткізбек болғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар