Аймақтар
1 мин оқу 390

Түркістанда 300 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында 300 адамның қатысуымен өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиындар өткізген. Осылайша, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын өрескел бұзған.

Сондай шаралардың бірі 28 қаңтар күні өткен. Мобильді мониторингілік топтар жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Індетке қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша сотқа арыз дайындауда», делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Түркістанда 300 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар