Теннис
1 мин оқу 170

Теннисші жерлесіміз Анталия турнирінің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомеспен шеберлік байқасты. Осы жарыстың 2-ракеткасы Недовесов – Молчанов жұбы қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Александр Недовесов пен Денис Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін филиппиндік Трет Хьюи – нидерландылық Сэм Вербик жұбымен таласады.

Бөлісу:
Теннисші жерлесіміз Анталия турнирінің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар