Атыраулық әйел жүктілігін дәрігерден жасырып келген

Бұдан бұрын Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тұратын 4 балалы әйелдің жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастағанын хабарлаған едік. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманованың айтуынша, оның жүктілігін дәрігерлерден жасырып келгені анықталып отыр.

«Жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел жүктілігіне байланысты дәрігерлік есепке тұрмаған. Жүкті әйел жедел жәрдем стансасына қан кетіп, жағдай қиындаған соң ғана хабарласқан. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету кезінде 35 жастағы келіншектің босанғанын анықтады. Алайда, әйел бастапқыда босанғанын мойындамай, түсіктен кейінгі қан кету деп жалтарған. Өйткені, оның жүктілігіне байланысты амбулаториялық есепке тұрмағаны анықталды. Ол жүктілігін дәрігерлерге айтпай, жасырып келген» дейді Айгүл Құдаманова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылқоға ауданында 1 емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт жұмыс істейді. Ауданда акушер-гинеколог дәрігерлердің тапшылығы жоқ. Қазір аталған ауданда 434 жүкті әйел дәрігерлік есепте тұр. Жыл басынан бері 44 сәби жарық дүние есігін ашқан.