Жырауға арналған жыр кеші

Жосалы кенті орталығындағы Жыраулар үйінде белгілі жырау, дәстүрлі өнер көшіне талай дарынды жасты қосқан ұстаз Бидас Үрістембекұлының 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті.

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков мерейтой иесін құттықтап, құрмет көрсетті. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтауын табыстады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұршат Наурызбаева аймақ басшысының «Құрмет грамотасын» және басқарма басшысының құттықтауын табыс етіп, ізгі лебізін жеткізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов мерейтой иесіне «Ер Едіге» дастаны жырының аудио нұсқасын сыйға тартты. Елімізге танымал жыршы Ұлжан Байбосынова жүргізген кеште Арал өңіріндегі Нұртуған жыр мектебінің өкілі Айбек Тәңірбергенов, жыршы - жыраулар Серік Жақсығұлов, Бейсенбек Төлеубаев пен мерейтой иесінің шәкірттері Айгерім Ешбаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпен, Тоғжан Бақытова , Малика Алдамжарова жырдан шашу шашты.