Қазақстан Ресей мен Түркияға ұшатын рейстерді көбейтеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ресей және Түркияға қатынайтын әуе рейстерінің санын ұлғайтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат беріледі.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалатын болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.