Анталиядан келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды
<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 577 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 933 адам, анықтамасыз 644 Қазақстан азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 461 жолаушы, анықтамамен - 1 174, анықтамасыз - 287;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 116 жолаушы, анықтамамен - 759; анықтамасыз - 357.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 30 қаңтарында анықтамасыз келген 447 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Анталия – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.