Аймақтар
1 мин оқу 221

Күршім ауданының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Полицейлер 25 келі марихуана сақтаған Күршім ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Күршім ауданының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді

14 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері Күршім ауданының шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жедел тінту барысында құрамында спецификалық иісі бар өсімдік тектес үш қап, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға арналған қолдан жасалған құралдар тәркіленді.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қожалықтың 28 жастағы жұмысшысы 2020 жылдың жазында бұл затты маңайдан теріп алғаны анықталды. Оны өзі пайдалану үшін сақтадым деп түсіндірді. Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, қаптардағы сақталған зат – марихуана, салмағы 24 866 гр, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Бөлісу:
Күршім ауданының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар