Қоғам
1 мин оқу 106
Қазақстанда бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркелді
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркелгенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру, 8 өлімге апарып соқтырған қасақана денсаулыққа зиян келтіру қылмысын ашты», деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, 2 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 437 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы да әшкере болған.
Еске сала кетейік, бүгін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты.
Бөлісу: