Қоғам
1 мин оқу 860

2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен жүргізіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің шешіміне сәйкес, ұлттық санақ биыл жүргізіледі. 2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру», деді Келімбетов Үкімет отырысында.

Енді тұрғындар туралы деректерді жинау 2 жолмен жүргізіледі.

«Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға мүмкіндік береді.

Екіншісі – қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі аралау. Бұл онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.

Тағы бір жаңалық – үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі», деді ол.

Бөлісу:
2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен жүргізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар