Алматыда медициналық журналистика оқытылады
<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 8 ақпанынан 12 ақпанына дейін Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Курс ҚР АҚДМ мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде өтеді.
Оқыту курстары оффлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Төле би көшесі, 94. Қатысушылар «Медициналық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.
Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында өтеді.
Аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда,мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEEa9vvCR9vycFaGDRhHPfApP1arDDBlLkbH1qMDpT2CuEGA/viewform.