Спорт
1 мин оқу 210

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Уфада өтеді

<p style="text-align: justify;">Біріккен күрес әлемінің Атқарушы комитеті (UWW) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Уфада өтетінін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.</p>

Дүйсенбіде өткен отырыстан соң UWW бюросы күрес түрлерінен 2021 жылғы әлем біріншілігі Башқұртстанның (Ресей) Уфа қаласында өтеді деп шешті.  Турнир 16-22 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда. 

UWW мүшелері 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында Уфа қаласының кандидатурасын қолдаған болатын.  Турнирді өткізуге  София және Белград қалалары да өтінім берді. Жасөспірімдер арасындағы дода Ресейде алғаш рет өткелі тұр. 

Бөлісу:
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Уфада өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар