Ауа райы
1 мин оқу 432

Еліміздің біраз аймағында ауа райы жылынады

<p style="text-align: justify;">3 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, бұрқасын және желге байланысты ескерту жарияланды. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауатыны хабарланды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

СҚО-да 3-4 ақпанда жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар, өңірде тұман, көктайғақ, бұрқасын, секундына 23-28 метрге дейін жел болжанды.

Қарағанды облысында 3-і қатты жел мен көктайғақ болады.

Қостанай және Ақмола облыстарында бұл күні тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

3 ақпанда тау баурайында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға кеңес берілмеді.

Ал Түркістан облысында 3-5 ақпанда тұман сақталады, Жамбыл облысында ол 3 ақпанда күтіледі.

БҚО мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Еліміздің біраз аймағында ауа райы жылынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар