Аймақтар
1 мин оқу 156
Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды
<p>Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Қостанай облысында кешке таман жаңбыр себелеп, артынша суық жел күшейіп, күре жолдарды көктайғаққа айналды. Ауа райының тосын құбылысына байланысты кешкі сағат 20:30-ден бастап «Қазавтожол» филиалы өңірдегі республикалық маңызы бар бірнеше бағыттағы автокөлік жолдарының жабылғанын мәлімдеді.
22.00-ден бастап облыста барлық көліктерге алыс жолға шығуға шектеу қойылды.
Бөлісу: