Аймақтар
1 мин оқу 170

Басшылар – алғашқы лекте

<p style="text-align: justify;">Атырауға &laquo;Спутник V&raquo; вак&shy;ци&shy;насының 1 000 дозасы жет&shy;кізілді. Қауіпті вирусқа қарсы аталған вакцинаны салдыру үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсете&shy;тін 24 мекемеде арнайы бекет&shy;тер жасақталды. Атырау қа&shy;ласында вакцина салатын &ndash; 16, Мақат ауданында 2 бекет ашылды. Ал өзге аудандарда 1 бекеттен бар.</p>

Басшылар – алғашқы лекте

Облыстық денсаулық сақтау басқар­ма­сының басшысы Асхан Байдуәлиев­тің мәліметінше, вакциналар арнайы дайындалған екпе салу орталықтарына таратылады. Бірінші кезекте вакцинаны инфекциялық стационарлар мен реанимациялық бөлімшелердің, жедел жәрдем стансасының медицина қызметкерлеріне салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ санитарлық-эпи­демиялық бақылау департа­ментіне қарасты басқармалардың қызметкерлері алады. Вакцина салу үшін 144 қызметкер арнайы курстан өтті.

Атырау қаласындағы №3 емханада «Спутник V» вакцинасын алғаш сал­дыр­­ғандардың қатарында облыс әкі­мінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау бас­қар­­масының басшысы Асхан Бай­дуәлиев, об­лыстық санитарлық-эпидемиялық бақы­лау департаментінің басшысы Мәде­ниет Танауов, облыстық онколо­гия­лық диспансердің директоры Эльмира Сапарова және облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев бар.

– Дәрігерлер вакцина салмас бұрын дене қызуымды өлшеді. Вакцина салуға арналған кабинеттен шыққаннан кейін дәрігердің бақылауында болдым. Қазір жағдайым қалыпты, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Енді 21 күннен кейін вакци­наның екінші бөлігін аламын, – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысы

Бөлісу:
Басшылар – алғашқы лекте · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар