Хоккей
1 мин оқу 145

«Барыс» тағы да сүрінді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; елордада Екатеринбургтің &laquo;Автомобилистімен&raquo; өткізді.</p>

«Барыс» тағы да сүрінді

Осының алдында Уфаның «Салават Юлаевынан» 3:2 есебімен жеңілген жерлес­теріміз бұл жолы да дәл сондай есеппен «Авто­мобилистке» жол берді. Кездесу «Барыс» үшін өте сәтсіз басталды. Матчтың 7-мину­тында қонақтардан Никита Трямкин мергендігімен көзге түссе, 14-минутта Георгий Белоусов «Автомобилистің» екінші шайбасын соқты. Тек бірінші кезеңнің соңына қарай ес жиған «Барыс» ойыншылары 16-минутта есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Бұл жолы Якоб Лилья қақпаны дәл көздеді.

Кезеңаралық үзілісте біраз тынығып, бас бапкер Юрий Михайлистен қажетті ақыл-ке­ңес алған жерлестерміз мұзайдынға шыға сала таблодағы көрсеткішті теңес­тірді. Даррен Дицтен тамаша пас алған Филип Вароне шай­баны қақпаға тоғытып, жанкүйерлердің кеу­десінде үміт отын жаққан еді. Алайда үшін­ші кезеңде мұзай­дын иелеріне қарағанда әл­деқайда ширақ қимылдаған «Автомобилист» ойын­шылары таразы басын өздеріне аударды. 58-минутта Дмитрий Жукенов гол соғып, соң­ғы минуттарда «Барысты» сан соқтырып кетті.

Бұл ойыннан кейін жерлестеріміз тұ­рақ­ты біріншіліктің «Шығыс» конферен­ция­сындағы турнир кестесінде 6-орыннан 8-са­тыға сырғып кетті. «Барыс» келесі кез­десуін бүгін сырт айдында Магнитогорскінің «Метал­лургімен» өткізеді.

Бөлісу:
«Барыс» тағы да сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар