Елордада мембағдарламамен баспана уәде еткен алаяқ сотталды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беруге уәде еткен алаяқ әйел сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«27 жастағы келіншек мемлекеттік бағдарламамен кезектен тыс тұрғын үй алып беруге уәде берген. Ол азаматтардан әртүрлі сомада қаражат алып отырған. Анықталғандай, күдікті 2015-2017 жылдар аралығында адамдардың сеніміне кіріп, ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. Жалпы сома шамамен 300 млн теңгені құрайды», деді қалалық Полиция департаментінен.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, №2 «Сарыарқа» аудандық сотының шешімімен ҚК 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Департамент қызметкерлері аталған қылмыстық әрекеттен зардап шеккен тұлғалар бар болса Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне хабарласуларын сұрады.