Қазақстан
1 мин оқу 1,190

«Парасат жолы» жобасының таныстырылымы өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Мәдениет және спорт министрлігінің &laquo;Парасат жолы&raquo; жобасы таныстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Орталықтарды ашудың мақсаты – ғылыми, шығармашылық интеллигенция және дін өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету. «Парасат жолы» орталықтары ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жастардың кездесулері үшін диалог алаңына айналады. Сондай-ақ, осы алаңда тікелей эфирлер өткізілетін болады.

Айта кету керек, Елордада «Парасат жолы» орталығы 8 қаңтарда Ұлттық академиялық кітапхана базасында ашылған болатын. Елордалық тәжірибені өңірлерге тарату мақсатында бүгін Қазақстанның барлық облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларында, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік орталықтар іске қосылды.

Бөлісу:
«Парасат жолы» жобасының таныстырылымы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар