Аймақтар
1 мин оқу 193

Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдейді

<p style="text-align: justify;">Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов короновируске қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында &nbsp;полиция департаменті бастығы, Лисаков қаласы мен Қостанай ауданының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді.</p>

Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдейді

Жедел штаб облыс аумағында 8-ақпаннан бастап мынадай жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:

  1. Қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 8-00-ден 23-00-ге дейін қызмет көрсететін болады;
  2. СПА орталықтары, моншалар, сауналар, жабық спорт ғимараттары мен фитнес-орталықтар жұмыс күндері мен сенбі күндері 9-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;
  3. Азық-түлік және өзге де тауарларды сататын жабық базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 10-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс істейді;
    4. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;
  4. Діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бірақ бұл нысандарда бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмайды;
  5. Қалалық қоғамдық көліктер жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 06-00-ден 23-00-ге дейін жүреді.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар