Теннис
1 мин оқу 123

Екінші кезеңде сүрінді

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Аустралияның Мельбурн қаласында теннистен аса ірі халық&shy;аралық турнир өтіп жатыр.</p>

Екінші кезеңде сүрінді

Өкінішке қарай, Михаил Кукушкин үшінші кезеңге шыға алмады. Тұсаукесер кезде­суінде аргентиналық Хуан-Игнасио Лондеро­дан басым түскен жерлесіміз келесі айналымда Стэн Вавринкамен күш сынасты. 35 жас­та­ғы Швейцарияның өкілі қазіргі кезде АТР рейтингінде 18 орынды иеленуде. Кезінде ол АҚШ пен Аустралияның ашық біріншілігінде және Ролан Гарроста топ жарған. АТР тур­нирлерінде 16 мәрте бас жүлдені олжалаған. Осы табыстарының арқасында үздіктер тізі­мінде үшінші сатыға дейін көтерілді. Әрине, қазақстандық теннисші ондай табыстарымен мақтана алмайды. Айтқандай-ақ, 1 сағат 58 минутке созылған бұл тартыс 4:6, 6:3, 6:1 есебімен Вавринканың пайдасына шешілді.

Сондай-ақ жасыл құрлықта өтіп жатқан дүбірлі додада Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева сынды отан­дастарымыз бақ сынауда.

Бөлісу:
Екінші кезеңде сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар