Әлем
1 мин оқу 410

Байкал көлінде екінші рет жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Иркутск облысы мен Бурятия шекарасындағы Байкал көлінің су айдынында жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Байкал көлінде екінші рет жер сілкінді

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі сағат 7:48-де солтүстік ендіктің 53,11 градус, шығыс бойлықтың 107,84 градус координаттарында болған. Эпицентрі Ольхон аралынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап Байкал көліндегі екінші жер сілкінісі болғаны белгілі болды. Ал алғашқы жер асты дүмпуі 30 қаңтарда тіркелген.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Бөлісу:
Байкал көлінде екінші рет жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар