Қоғам
1 мин оқу 120

Шетелден келген 191 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 3 ақпанында халықаралық әуерейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылғы 3 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 143 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 896 адам, анықтамасыз 247 ҚР азаматы болды.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 622 жолаушы, анықтамамен – 586, анықтамасыз – 36;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен – 306; анықтамасыз – 211;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр. Анықтамасыз келген барлық 191 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Шетелден келген 191 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар