Қоғам
1 мин оқу 1,626

Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады

Атап айтқанда, мерекелік күндердің тізбесін мынадай мазмұндағы тармақпен толықтыру ұсынылады.
Яғни «Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым» деп бекітілді. ІІМ өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта арнайы мақсаттағы бөлімшелер ҰҚК, МКҚ, Қорғаныс министрлігі және ІІМ сияқты мемлекеттік органдарда бар.

«Бұл мәселенің оң шешімі − қызмет озаттары мен ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сондай-ақ жылдар бойы қалыптасқан сабақтастық дәстүрлерін ресми түрде бекітеді. Сонымен қатар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани және адамгершілік құндылықтар мен әскери дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа беруге ықпал ететін болады», деп санайды ведомство өкілі.

9 маусым − Елбасының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне қол қойғанына сәйкес естелік ретінде таңдалған.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Бөлісу:
Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар