Спорт
1 мин оқу 160

Таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі тағы да кейінге шегерілді

<p style="text-align: justify;">Азия Таеквондо Одағы (WT Asia) Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының іріктеу турнирлерін кейінге шегеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 14-15 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 16 мамырда өтеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 26-27 наурызда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 28 наурызда өтуі тиіс еді. 

Бөлісу:
Таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі тағы да кейінге шегерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар