Атырауда 12 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр
<p style="text-align: justify;">Атырауда тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің ақпаратына қарағанда, былтырғы наурыздан бері коронавирус инфекциясына қарсы 643 мың ПТР-тест зерттеуі жүргізіліпті.
«Салыстырмалы түрде айтсақ, еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғары көрсеткіш. Қаңтардағы орташа тәуліктік зерттеу 3 856 тестті құрады», дейді Ермек Шмалиев.
Оның айтуынша, биылғы қаңтарда жүргізілген ПТР-тест зерттеулерінің былтырғы желтоқсандағы көрсеткіштен 29%-ға артып отыр.