Қоғам
1 мин оқу 161

ЕЭК делегациясы Алматыға келді

<p style="text-align: justify;">Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Михаил &nbsp;Мясникович бастаған делегация бүгін кешкісін Алматыға келді, деп жазады&nbsp; &nbsp;<a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

ЕЭК делегациясы Алматыға келді

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы, 5 ақпанда «Almaty Digital Forum 2021» форумы, сондай-ақ ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – ЕЭК Үкіметаралық кеңес төрағасы Асқар Маминмен кездеседі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының, ЕАЭО бақылаушылары - Молдова, Өзбекстан мен Кубаның қатысуымен  өтеді.

Осы жиынға  Өзбекстан Республикасы үкіметінің басшысы Абдулла Арипов келеді. Бейнеконференцияға Молдова Республикасының Премьер-Министрі Аурелиу Чокой  қатысады.

Үкіметаралық кеңес   отырысы аясында ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру бойынша 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарланып отыр.

Кешкісін  Almaty Digital Forum 2021 де өтеді. Форумның  «Цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа бейімделу»  пленарлық отырысына Одақ елдері мен ЕАЭО бақылаушы-мемлекеттерінің үкімет басшылары, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ЕЭК өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:
ЕЭК делегациясы Алматыға келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар