Аймақтар
1 мин оқу 375

Шымкенттегі IKOMEK орталығы 64 578 өтінішке көмек берген

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы &laquo;СИТУАЦИЯЛЫҚ iKomek 109&raquo; орталығы жетекшісі Азат Әміртаев 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады. Есепті жиынға қаладағы бірқатар басқарма басшысы мен аудан әкімі қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық ашылғалы бері тұрғындардан 66 006 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 64 578 өтінішке тиісінше жауап берілсе, 1 428 арыз-шағым қаралу үстінде.

А. Әміртаевтың сөзінше тұрғындардан келген ұсыныс пен өтініштердің 24,7% қоғамдық көлік, 10,33% жол инфрақұрылымы, 8,57% жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері, 8,05% қатты тұрмыстық қалдықтар, 4,7% денсаулық сақтау мәселелері және 4,1% көше жарығы бойынша тіркелген.

л

Қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында өткен жылы орталыққа қоғамдық көлікке қатысты кез-келген сұрақтар бойынша хабарласу мүмкіндігі қосылған болатын. Осы күнге дейін қоғамдық көлік қозғалысын бақылау бойынша – 6 845, «Төлем» жүйесіне қатысты – 8 923 қоңырау келіп түскен.

1

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ортылық жұмысына оң бағасын беріп, қабылданған өтініштердің уақытылы әрі оңтайлы шешілуін тапсырды.

Бөлісу:
Шымкенттегі IKOMEK орталығы 64 578 өтінішке көмек берген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар