Үкімет
1 мин оқу 150

Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және &laquo;Digital Almaty&raquo; форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистикалық, геологиялық, әскери-техникалық салалардағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларға және екі елдің экономикасы үшін пандемия зардаптарын, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын дайындау және іске асыру жолымен жоюға ерекше назар аударылды.

Ресей — Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $18 млрд асты.

Бөлісу:
Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар